Тозығы жеткен үйлерден тұрғындарды көшіру Алматы қаласындағы 2021-2025 жылдарға арналған Тұрғын үйді жаңарту бағдарламасының негізгі қағидасы бойынша жүзеге асырылады – ол «бөлме үшін бөлме».

Яғни, бір бөлмелі пәтердің иесі бір бөлмелі пәтерге, екі бөлмелі пәтердің иесі екі бөлмелі пәтерге ие болады және т.с.с.

Көшіру кезінде маңызды критерий жас санаты болып табылады. Әдетте, бұзылуға жататын үйлерде тұрғындардың көпшілігі 65 жастан асқан және одан жоғары жастағы адамдар.

Қарт адамдарға, егер қоныс аудару қорында ондай пәтерлер болса, төменгі және орта қабаттағы пәтерлер ұсынылады. Орта жастағы және жастар жоғары қабаттарға орналасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сондай-ақ, пәтерлерді бөлу кезінде басқа да критерийлер ескеріледі, мысалы, мүгедектік...
Мәселен, жақында тозған үйдің тұрғындарын көшіру кезінде мүгедектер арбасында жүретін церебральды сал ауруы диагнозы қойылған ерекше бала тұратын отбасын бірінші қабатқа көшіру назарға алынып, көмек көрсетілді.

 

  

 

© 2024 «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС