Осы бағдарлама бойынша ескі үйлер бұзылады, ал олардың орнында саябақ аймағы, спорт алаңы, тұрғын үй немесе қала үшін маңызды басқа да құрылыс нысандары орналасады.
Бағдарламаның шарттарына сәйкес, тозығы жеткен үйлердің тұрғындары теңдік принципін қолдана отырып (яғни, жаңа пәтердегі бөлмелер саны ескі пәтердегі бөлмелер санына тең) немесе қосымша ақысыз аумақтың шамалы ұлғаюымен жаңа үйдегі тең пәтерді талап ете алады.
Светлана Синицкая Райымбек даңғылы, 347 мекен-жайы бойынша 1959 жылы салынған екі қабатты қамыс-қаңқалы үйде тұрды. Осы үйдің тұрғындары өздерінің тозығы жеткен тұрғын үй мәселесін жергілікті телеарналарда бірнеше рет атап өтті, қала әкімінің халықпен есеп беру кездесулерінде тұрақты түрде қонақта болды. Дәлірек айтсақ, үй тұрғындарынан қоныс аудару мүмкіндігіне қатысты бірнеше рет өтініштер келіп түсті, өйткені үй өте нашар жағдайда. " Біздің үйлер апатты жағдайда болды, дәретхана далада, пешті көмірмен жағатынбыз, үйдің қаңқасы қазірдің өзінде көрініп тұр, үйлердің қабырғалары үгітіліп жатыр, электр сымдар да нашар күйде, кей біреулері жанып жатыр, біз онда тұрудан қорқатынбыз", - дейді Светлана Синицкая. Бүгінгі таңда ол отбасымен бірге "Sulu tan" тұрғын үй кешеніндегі жаңа пәтерде тұрып жатыр, оның ауданы бұрынғыдан 16 шаршы метрге үлкен.
"Біздің жаңа тұрғын үй кешені комфорт класс есебінде, кіреберіс аула керемет әдемі, пәтеріміз үлкен әрі кең, екі лоджия, жуынатын бөлме кафельденген, едендер тіпті жылы деп айтуға болады, ауданымыз жақсы, дүкендер, мектептер, мешіт, шіркеу, "Түрксіб" базары барлығы жақын жерде, көліктік қолжетімділігі жақсы. Мен өте қуаныштымын, ұсынылған нұсқа мені толығымен қанағаттандырды. Біздің үйлеріміздің жаңарту бағдарламасына қатысқаны үшін «Күрделі құрылыс кәсіпорнына» алғысымды білдіремін. Біз жаңа пәтерлер алдық, мен және менің көршілерім көшкенімізге өте қуаныштымыз".