Қанат Олжабекұлы құрылысына ПКС қатысып жатқан 6 тұрғын үй кешенін аралады: Жандосов пен Щепкин көшелерінің қиылысындағы тұрғын үй, «Alem City 2», «Алма сити 4/2», «Maxima city», «Jana аrbat» және «Gul-Ana» тұрғын үй кешендері.
Сапар барысында СПК басшысы барлық салынып жатқан нысандар бойынша жұмыс кестесінің барысымен танысып, салынып жатқан тұрғын үйдің жайлылығы мен сейсмикалық қауіпсіздігі мәселелеріне назар аударып, құрылыс сапасы, орындалған жұмыстар және құрылыстың уақытылы аяқталуы бойынша бірқатар тапсырмалар берді.