Тозығы жеткен үйлерден тұрғындарды көшіру 2021-2025 жылдарға арналған Тұрғын үйді жаңарту бағдарламасының негізгі қағидасы бойынша жүзеге асырылады. Алматы қаласында ол «бөлме үшін бөлме».

Яғни, бір бөлмелі пәтердің иесі бір бөлмелі пәтерге, екі бөлмелі пәтердің иесі екі бөлмелі пәтерге және т.б.
Көшіру кезінде маңызды критерий жас санаты болып табылады. Әдетте, бұзылуға жататын үйлерде тұрғындардың көпшілігі 65 жастан асқан және одан жоғары жастағы адамдар. Қарт адамдарға, егер қоныс аудару қорында пәтерлер болса, төменгі және орта қабаттағы пәтерлер ұсынылады. Орта жастағылар және жастар жоғары қабаттардан пәтер алады.

 

 

 

 

 

 

 

  

 

Сондай-ақ, пәтерлерді бөлу кезінде басқа да критерийлер ескеріледі, мысалы, мүгедектік...

Мәселен, жақында тозығы жеткен үйдің тұрғындарын көшіру кезінде мүгедектер арбасында жүретін ДЦП диагнозымен ерекше бала өсіп келе жатқан отбасын ескеріп, бірінші қабатқа көшуіне атсалыстық.

© 2024 «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС