Татьяна Еремеева Сейфуллин көшесі, 161 мекенжайындағы тозығы жеткен үйдің жалпы ауданы 44,6 м2-лі екі бөлмелі пәтерде тұрған. Ескі пәтердің орнына ол «На Кассина» тұрғын үй кешенінен ауданы 51,3 м2 болатын екі бөлмелі пәтерге ие болды. Айта кетерлігі, жаңарту бағдарламасының ережелеріне сәйкес, «КҚК» ЖШС тозығы жеткен тұрғын үй иелерін «бөлмеге бөлме» қағидасы бойынша қоныстандырады, яғни бір бөлмелі пәтері болса, қоныстанушы бір бөлмелі пәтерге ие болады. Жаңа үйде пәтерлер пластикалық терезелермен, бөлмеаралық есіктер мен санитарлық тораппен, және ас үйде раковина мен газ плитасымен қамтамасыз етілген.