Тілендиев көшесі 2б және 2е мекен жайындағы тозығы жеткен үйлер Алматы қаласының 2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасына енгізілген және «КҚК» ЖШС тұрғындарды қоныстандыру жөніндегі уәкілетті ұйым болып табылады. Үй 1947 жылы салынған және бұл нысанның пайдалану мерзімі әлдеқашан біткен. Тозығы жеткен үйдің тұрғындары бірнеше жылдан бері қоныс аударуын күтіп, дабыл қағып, көшіруді сұрап, барлық құзырлы орындарға хат жазған. Бүгін қоныстандыру департаментіне бірінші меншік иелері айырбас келісімшартына қол қою үшін келді.

 

 

 

 

 

 

 

  

 

© 2024 «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС