«КҚК»-ның Жобаларды басқару департаменті Жетісу ауданы Скрябин, Крылов, Гончаров көшелері және Райымбек даңғылының шаршысында орналасқан «Gul-Ana» ТК-ін «KazSMU» ҚК-дан алынған құрылыстың барысы туралы мәліметтерді сәйкестендіру мақсатында апта сайынғы тексеруін жүргізді.
Бұл жұмыстың мақсаты құрылыстың барысы туралы нақты деректерді жоспарланған мерзімдер мен көлемдермен салыстыру болды.
Мәліметтерді салыстырудың негізгі міндеттері мен кезеңдері
1. Жұмыстың нақты орындалуы туралы мәліметтерді салыстыру:
Жұмыстың ағымдағы жай-күйі, оның ішінде орындалған кезеңдері, орындалу пайызы туралы мәліметтер жиналды, нысандарда жасалған фотосуреттер арқылы бекітілді.
2. Жоспарланған кестемен салыстыру:
Құрылыстың нақты барысын жоспармен салыстыру келісім-шартқа сәйкес құрылысшы ұсынған мәліметтерді салыстыруға мүмкіндік берді.
Негізгі қорытындылар
1. Кесте мен көлемдердің сәйкестігі
Тексеру нәтижелері бойынша құрылыс жұмыстары құрылысшы компания ұсынған деректер сәкес келеді.