«Алматы қаласы әкімдігінің Күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС 2021-2025 жылдарға арналған Алматы қаласының тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасын іске асыру мақсатында «Есентай Строй» ЖШС-мен (SABAGROUP) Бостандық ауданында орналасқан тозығы жеткен үйлерді жаңартуға шарт жасасты.
Жаңарту жобасын тиімді жүзеге асыру үшін «КҚА» ЖШС жаңарту департаментінің қызметкерлері тозған үйлердің тұрғындарына қоныс аудару шарттары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оларды инвестормен таныстырды.