Сейфуллин-Кассин-Ақан Сері-Котельников көшелерінің алаңынан 88 адам көшірілді. Бұл жерде 18 тозған үй бар, олардың жанынан жаңа үйлер бой көтерді.
2023 жылы тозығы жеткен үйлер құрылыс қоршауының жанында орналасқандықтан, тұрғындар құрылыс барысын бақылап отырған. Тұрғындар бұл көшуді ұзақ күтті, уақыты келгенде бірден жаңа үйлерге көшті.