«Алматы» ӘКК және КИБ-те бұрынғы Сыбайластыққа қарсы төрағаның қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында дәріс өтті
2025 жылғы 21 ақпанда Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында (бұдан әрі – КИБ) және«Алматы» ӘКК» АҚ қоса қарамағындағы барлық ведомстволық ұйымдарда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жарқын Сайлауұлы Ғалымовпен және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы, «Altyn Bank»басқарма төрағасының кеңесшісі Алик Жаткамбаевич Шпекбаевпен «Заң және тәртіп: әділдіктің басты қағидаты» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзекті саясаты, оны іске асырудың қағидаттары мен тетіктері, сондай-ақ әрбір азаматтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі қаралды. Кездесуге қатысушылар мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің жұмысында заңдылық пен әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығын талқылады. Жарқын Ғалымов құқықтық мәдениет, әділдік пен адалдық қағидаттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрестің негізгі элементтері болып табылатынын атап өтті.Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға және мемлекеттік процестердің ашықтығын арттыруға бағытталған ағымдағы мемлекеттік бастамалар туралы сөз қозғады.
Жарқын Сайлауұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды құралдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау болып табылатынын атап өтті. Бұл шаралар басқару жүйесіндегі әлсіз жерлерді анықтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді. Ол мониторинг сыбайлас жемқорлықтың алдын алып қана қоймай, мемлекеттік және жеке институттарға деген қоғамдық сенімнің артуына ықпал ететінін атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды аспектісі мемлекеттік органдардың ғана емес, азаматтық қоғамның да белсенді қатысуын талап ететін ашықтық пен есеп беру жүйесін құру болып табылады. Барлық мүдделі тараптардың тұрақты бақылауы мен тартылуы жағдайында ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне кепілдік беруге болады. Жарқын Сайлауұлы сондай-ақ түрлі ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мысалдарын келтірді.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы, «Altyn Bank» БасқармаТөрағасының кеңесшісі Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев та сөз сөйледі. Ол әділдік, адалдық және жауапкершілік принциптерін сақтаудың маңыздылығын еске салды. Алик Жатқамбайұлы әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі өз рөлін түсінуі тиіс екенін атап өтті – тек бірлескен күш-жігермен ғана осы бағытта елеулі нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Сонымен қатар, ол әділ қоғам құрудың іргелі қағидаттары ретінде болашақ ұрпаққа бере отырып, ата-бабалардың мәдениеті мен құндылықтарын сақтау қажет екенін атап өтті. Қазақстанның әрбір азаматы ұлттың өркендеуі мен әл-ауқатына ықпал ететін процестерге қатыса отырып, елдің дамуына өз үлесін қосуы тиіс. Ол тұрақты және адал қоғам оның барлық мүшелерінің әділ қарым-қатынасы арқылы ғана мүмкін болатынын атап өтті.
Талқылаудың маңызды аспектілерінің бірі цифрландыру және құқықтық тәртіп мәселелері болды. Алик Жатқамбайұлы цифрлық платформалар арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері, интернет-кеңістіктегі құқық бұзушылықтар мәселелері және алаяқтардан қорғау тәсілдері туралы айтып берді. Спикер азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударды. Ол мемлекеттік сервистерді цифрландыру өмір сүру сапасын жақсартудың және мемлекеттік процестердің ашықтығын арттырудың кілті болып табылатынын атап өтті.
Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және азаматтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді. Бейнематериалдар сыбайлас жемқорлықтың салдары, заңдылықпен адалдықты сақтаудың маңыздылығытуралы хабардарлықты арттыруға, сондай-ақазаматтардың сыбайлас жемқорлық көріністерімен күреске белсенді қатысуға уәждемесін арттыруға арналған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес -бұл әрбір азаматтың қатысуын талап ететін үздіксіз процесс. Тек күш-жігерді біріктіріп, адалдық пен әділеттіліктің жоғары стандарттарын ұстану арқылы ғанагүлденген болашақты құруға болады.