Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында «Алматы» ӘКК және оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді әдістері»тақырыбында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті.
Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының орынбасары Шынарай Әлімхан сөз сөйледі.
Баяндама барысында спикер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін, атап айтқанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың заманауи әдістерін және оларды тиімді жою тәсілдерін түсіндірді.